ҚР Қарулы Күштерінің Десанттық-шабуылдау әскерлері зардап шеккен сарбаздың дереу медициналық мекемеге жеткізілгенін және оған барлық қажетті мамандандырылған медициналық көмек көрсетіліп жатқанын хабарлады. Оның жағдайы дәрігерлердің тұрақты бақылауында.
— Қолда бар мәліметтерге сәйкес, оқиғаға дейін ол әскери қызметті өткеру жағдайларына шағымданбаған. Оның алдында ғана ол әскери бөлімге келген ата-анасымен кездескен, бұл ретте олар тарапынан да қандай да бір өтініштер мен арыздар түспеген, — делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша ҚР ІІМ Әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Қорғаныс министрлігі де қызметтік тексеріс тағайындап, арнайы комиссия құрды. Жағдай ерекше бақылауға алынды.
«Ана жүрегі» Сарбаз аналары комитеті» республикалық қоғамдық бірлестігі ақпарат түскен бойда ұйым өкілінің әскери бөлімге барғанын, кейін медициналық мекемедегі зардап шеккен әскери қызметшінің жағдайын білгенін хабарлады.
Сарбаз аналары комитеті тергеу аяқталғанға дейін асығыс қорытынды жасамау керектігін еске салды.
Бұған дейін Өскеменде әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз ұсталды.