- Ұйғыр ауданында, сібір жарасына күдікті жағдайлардың анықталуына байланысты, ветеринарлық-санитарлық уақытша шектеу шаралары енгізілді. Карантин жарияланған жоқ, - деп хабарлады облыстық әкімдіктен.
Айта кеткен жөн, инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында мал мен ауылшаруашылық жануарлардан алынатын өнімдерді экспорттауға шектеу қойылды. Сібір жарасы адамнан адамға жұқпайтындықтан, азаматтардың жүріп-тұруына ешқандай шектеулер қойылған жоқ.
Еске салайық, Алматыда 17 мыңға жуық қызға папиллома вирусына қарсы екпе салынады.