Алматы облысында шағын автобус апатқа ұшырап, төрт адам мерт болды

Фото: Фото: Видеодан скрин

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы-Қорғас тас жолында шағын автобус аударылып, салдарынан төрт адам мерт болды.

Алматы облысы полициясының мәліметінше, адам шығынына әкелген жол апаты 12 маусым күні Алматы-Шелек-Қорғас тас жолының 105-ші шақырымында болды.

Toyota Hiace жүргізушісі рульге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен.

«Салдарынан төрт адам сол жерде көз жұмды. Жүргізуші мен тағы екі жолаушы Шелек ауылындағы ауруханаға жатқызылды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, іс қозғалды», - деп хабарлады полиция департаментінен.

Осыған дейін 8 маусым күні Алматы облысы Есік қаласында 14 және 3 жастағы екі қызды көлік қағып, мерт қылған еді.