Алматы облысында су құбыры жарылды
11:32, 19 Желтоқсан 2023
Алматы облысының Қарғалы ауылында су құбыры жарылып, тұрғындар ауызсусыз қалды, деп хабарлайды Kazinform.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, Қарғалы ауылдық округіне қарасты Жеңіс саяжайын ауызсумен қамтамасыз ететін су құбырында ақау шыққан.
«Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін таңғы сағат 9-да Қарғалы ауылындағы барлық абоненттерге су беру өшірілді. «BeyAzh Trans» компаниясының қызметкерлері құбырды ауыстырып жатыр. Жұмысты сағат 12-ге дейін аяқтау жоспарда», - деп түсіндірді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.