Судья сот приставының делдалдығымен жас баланың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыс жасаған адамға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларынан өту шарттарын өзгерткені үшін 2 млн теңге мөлшерінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
«Байғалиев 4 жылға бас бостандығынан айырылып, делдал Раймбековке 20 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, сотталғандар мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. ҚР ҚК 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А. Абдрахманова жемқорлық үшін 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған болатын.