Оқиға түнде «Терра» алаңы маңында, теңіз деңгейінен 2600 метр биіктікте болған.
Алматы қаласының Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары таудан өздігінен түсе алмаған жасөспірімдерге көмекке келген.
— Құтқарушылар олармен байланыста болып, орналасқан жерін анықтады. Кейін жасөспірімдерді қауіпсіз жерге түсіріп, туыстарына тапсырды. Жасөспірімдерге медициналық көмек қажет болмаған, — делінген хабарламада.
Еске салсақ, Алматыда шатқалда адасқан оқушыларды тікұшақпен іздеуге тура келгенін жазғанбыз.