ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін күндіз 1973 жылы туған әйел Талғар ауданындағы Рахат тауына көтерілді. Бірақ тауда айналаны қою тұман басып, ол кәсіби жолнұсқаушы болғанына қарамастан адасып қалған.
Абырой болғанда турист ұялы байланыс ұстап тұрған жерді тауып, 112 нөміріне қоңырау шалған.
Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жоғалған әйелді тауып, қалаға аман-есен жеткізді.