Түсу кезінде туристердің бірі мұзды учаскеде тайып құлап, денесінің бірнеше жерін сырып алған. Қалған екі турист күрделі жер бедеріне байланысты төмен қарай қозғалысын жалғастыра алмай, қараңғы түскен соң көмек сұраған.
-Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары туристерді анықтап, үшеуін де қауіпсіз түрде «Медеу» ШКК автотұрағына дейін алып түсті. Зардап шеккен туристке алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейін ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бригадасымен Алматы қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Қалған екі турист медициналық көмекті қажет етпеді,-делінген хабарламада.
Осыған дейін тауға шығарда маршруттарды кімге және қалай тіркеу қажеттігі туралы жаздық.