Алматы облысында тұрғын үйде газ жарылып, 1 адам мерт болды

Фото: Фото: Pexels

ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Кеше Алматы облысы Қарасай ауданы Жалпақсай ауылында екі қабатты тұрғын үйде газ-ауа қоспасы жарылды. Оқиға орнына жоғары дәрежемен облыстық ТЖД күштері мен құралдары дереу барған.

Шақырту орнына келген құтқарушылар жарылыстан кейін үйдің шатыры құлап, қабырғалары қирағаны анықтады. Сондай-ақ, үйінділер арасынан 1957 жылғы азаматтың денесі табылды. Тұрғын үйдің өзге тұрғындар зардап шеккен жоқ.

— Алматы облысының ТЖД азаматтарды газ жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады, — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында биыл 505 өрт оқиғасы болып, 13 адам қайтыс болғанын жазғанбыз. 

Кеше Алматыда Барахолка базарынан тағы да өрт шықты.