Шақырту орнына келген құтқарушылар жарылыстан кейін үйдің шатыры құлап, қабырғалары қирағаны анықтады. Сондай-ақ, үйінділер арасынан 1957 жылғы азаматтың денесі табылды. Тұрғын үйдің өзге тұрғындар зардап шеккен жоқ.
— Алматы облысының ТЖД азаматтарды газ жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады, — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында биыл 505 өрт оқиғасы болып, 13 адам қайтыс болғанын жазғанбыз.
Кеше Алматыда Барахолка базарынан тағы да өрт шықты.