Облыстық сот мәліметіне сәйкес, 2024 жылдың 26 қазанында Т. есімді азамат Қонаев–Бақанас автожолының 26-шақырымында орналасқан «Ш» шаруа қожалығы аумағында спирттік ішімдік ішіп, шамамен 22:00-де Іле өзенінің жағасына барған. Сол жерде балық аулап отырған У., Д. және К.-ны көріп, олардың бағытына мылтықтан бірнеше рет оқ атқан.
Нәтижесінде жәбірленушілер әртүрлі дәрежедегі жарақаттар алған. Алайда медициналық көмектің арқасында олар аман қалған.
- Сот Т-ның іс-әрекеттерін ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі мен 99-бабының 2-бөлігі 1 тармағына сәйкес саралап, қылмысты алкогольдік масаң күйде жасауын жауаптылықты ауырлататын жағдай деп таныды. Сот үкімімен Т. 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды, - деп хабарлады соттан.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, бүгін апелляциялық сот «Дикий Арманның» үкімін өзгеріссіз қалдырды.