Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Онда бір топ адамның арасында жанжал шыққанын және олардың арасында полиция қызметкерінің аспанға екі рет оқ атқанын көруге болады.
Сонымен қатар өңір полициясы ауаға атылған оқ ескерту сипатында болғанын және қоғамдық тәртіптің бұзылуына жол бермеу мақсатында полиция қызметкерлері тарапынан жүзеге асырылғанын атап өтті.
Тергеп-тексеру барысы ерекше бақылауға алынған.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде полицей қызметтік қарудан оқ атып, бір адам ауруханаға түсті.