Алматы облысында жарық өшіп, ауыл тұрғындары жолды жапқан
13:53, 15 Желтоқсан 2023
14 желтоқсан күні кешке Алматы облысы Ащыбұлақ ауыл округіне қарасты Көкқайнар ауылында апатты жағдайда электр қуаты өшіп, 3500-ге жуық адам жарықсыз қалды, деп хабарлайды Кazinform.
Әлеуметтік желілерде аталған ауыл тұрғындары газ, жарық және жылу өшіп қалғандықтан жолды жауып тастағаны туралы ақпарат тарады.
Іле ауданы әкімдігінің мәліметінше, аудан басшысы Бағдат Қарасаев және басқа да уәкілетті орган өкілдері тұрғындарға түсіндіру жұмысын жүргізген.
«Оқиға орнында жедел бригада жұмыс істеді. Түнгі сағат 23:00-де электр қуаты қалпына келтірілді. Жағдай тұрақталды»,- деп хабарлады аудандық әкімдіктен.