Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл мәселені өңірдің жемқорлыққа қарсы волонтерлері анықтаған.
«Аталған бағдарлама оқушы, студент және жұмыссыз жастарды маусымдық жұмысқа орналастыруды көздеп, осы жылдың 20 тамызы мен қарашасы аралығында жүзеге асырылды. Алайда, жоба аясында еңбек еткен тұрғындарға жалақы төленбеген. Бұл ретте департамент тиісті шараларды қабылдап, нәтижесінде 1 200 адамның жалақысы толығымен төленді», - деп хабарлады ведомстводан.