Алматы облысында жастардың қатысуымен тарихи ескерткіштер аумағын абаттандыру акциясы өтті

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Жамбыл ауданында жастардың қатысуымен тарихи ескерткіштер аумағы абаттандырылды, деп хабарлайды Жамбыл ауданының әкімдігі.

Фото: Жамбыл ауданының әкімдігі

2026 жылғы 11 тамызда Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылында республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Сұраншы батыр мен Саурық батыр ескерткіштерінің аумағын тазалау және абаттандыру бойынша акция өтті.

Фото: Жамбыл ауданының әкімдігі

Іс-шараға жастар, еріктілер, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және аудан тұрғындарынан құралған 150-ге жуық адам қатысты.

Акция барысында қатысушылар ескерткіштер аумағын тұрмыстық қалдықтардан тазартып, шөп шабу және абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Жастардың белсенді қатысуы туған жердің тазалығын сақтауға және тарихи-мәдени мұра нысандарына ұқыпты қарауға бағытталды.

Фото: Жамбыл ауданының әкімдігі

Сонымен қатар жастар арасында тарихи-мәдени мұраны сақтау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және тарихи тұлғалардың ел тарихындағы рөлін насихаттауға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қатысушыларға Сұраншы батыр мен Саурық батырдың ерлік жолы, ел қорғаудағы тарихи орны және олардың өнегесінің кейінгі ұрпақ үшін маңызы туралы ақпарат берілді.

Фото: Жамбыл ауданының әкімдігі

Аталған акция жастардың қоғамдық белсенділігін арттырып, тарихи ескерткіштерді сақтауға деген жауапкершілігін қалыптастыруға және туған өлкенің тарихи мұрасына деген құрметті нығайтуға ықпал етті.

Іс-шара барысында ұрпақтар сабақтастығына, тарихи жадты сақтауға және аға буынның өнегесін жас ұрпаққа жеткізуге ерекше мән берілді.

Фото: Жамбыл ауданының әкімдігі