Олар ойын шоттарын жүйелі түрде толықтырып отырған. Аударылған қаражаттың жалпы көлемі 180 млн теңгеге жуықтаған.
Тексеру барысында жеке сот орындаушыларының бірі үш жыл ішінде ойын шотына 139 млн теңге аударғаны анықталды. Тағы бірінің осы мақсатқа жұмсаған қаражаты 26 млн теңгеге жеткен.
— Маңызды функцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың осындай көлемдегі қаражатпен құмар ойындарға қатысуы кәсіби әдеп қағидаттарына қайшы келеді және қоғамның жеке сот орындаушылары институтына деген сеніміне кесірін тигізеді, — деп хабарлады Алматы облысының прокуратурасы.
Анықталған фактілер бойынша прокурорлық қадағалау актілері Алматы облысының Әділет департаменті мен Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жолданды. Құзырлы органдар алдында заңда көзделген шараларды қабылдау мәселесі көтерілді.
Еске салайық, бұған дейін құмар ойынға салынған атыраулық әскери қызметші көршісін алдағаны үшін сотталғанын хабарлағанбыз.