Алматы облысы прокуратурасының мәліметінше, рейд барысында арнайы техниканы қолдану арқылы пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру деректері анықталды. Тексеру нәтижесі бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалып, арнайы айып тұрағына 10-нан астам техника, соның ішінде пайдалы қазбаларды заңсыз өндіруге тікелей қатысы бар 2 экскаватор қойылды.
— Жер қойнауын заңсыз пайдалану әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі және тұрақты негізде жалғасатын болады, — деп хабарлады прокуратурадан.
Еске салайық, бұған дейін ШҚО-да пайдалы қазбаларды заңсыз өндірумен айналысқан шетелдік елден шығарылды.