Алматы облысында жер сілкінісі тіркелді
АСТАНА. KAZINFORM - 1 мамыр күні Астана уақытымен 08:19-де ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің параметрлері:
• Күні мен уақыты: 2025 ж. 1 мамыр, 08:19 (Астана уақыты)
• Эпицентр координаттары: 42.843° с.е., 79.332° ш.б. •
Ошағының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Кеген ауданы, Қарқара ауылынан 10 км қашықтықта, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 201 км жерде.
• Эпицентрдегі есептік қарқындылығы: Сезілмеген есептеу бойынша, бұл жер сілкінісін халық сезбеген және қауіп төндірмейді.
Осы орайда Алматы облысы ТЖД жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадамды атады:
1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;
3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;
4. Жасырынатын жерді табыңыз. Жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;
5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда);
Көп қабатты үйлерде жер сілкінісі аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
8. Электр желілерден, ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.
Бұған дейін Каспий теңізінде жер сілкінгенін жазған болатынбыз.