Видеодағы жазбада өрт Қошмамбет ауылында болғаны, өртке электр тоғының істен шығуы себеп болуы мүмкін екені жазылған.
Алматы облысы Қарасай ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің мәліметінше, 15 желтоқсан күні түнгі сағат 21:47 минутта Қошмамбет ауылы, Таң көшесінде үй өртенгені туралы хабарлама түскен.
«Сағат 21:47 минутта оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер Қошмамбет ауылы 34/14 мекенжайда ауданы 9х7 метр болатын тұрғын үйдің шатыры жанып жатқанын анықтады. Өрт сағат 22:02-де оқшауланып, сағат 22:12-де өрт толықтай сөндірлді. Өрттен зардап шеккендер болған жоқ», - деп хабарлады Қарасай ауданының төтенше жағдайлар бөлімі.
Еске салсақ, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында жанармай құю станциясында ірі өрт шыққан болатын.