Алматы облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Фото: Kazinform

ҚОНАЕВ.KAZINFORM–Алматы облысында жол апатынан үш адам қаза тауып,екі адам жарақат алды.

Бүгін, 23 наурыз түскі сағат 14:45 шамасында Алматы облысы аумағындағы «Екатеринбург-Алматы» тас жолының 2460 шақырымында жол-көлік апаты болды.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» мәліметінше, «Daewoo» көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, «DAF» жүк көлігімен соқтығысқан.

Салдарынан 3 адам қаза тауып, 2 адам жарақат алды. Апат орнында тиісті жол белгілері орнатылды.

«ҚазАвтоЖол» компаниясы барлық автокөлік жүргізушілерінен аса мұқият болуды және жол ережелерін қатаң ұстануды сұрайды.