Алматы облысында жол ашылды — ҚазАвтоЖол
05:55, 13 Ақпан 2026
АСТАНА. KAZINFORM — ҚазАвтоЖол Алматы облысында көлік қозғалысы жанданғанын хабарлады.
— 2026 жылғы 13 ақпан сағат 06:00–де Жетісу облысында «Алматы — Шелек– Қорғас» автожолының 25-243 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ақы алу пункті — Тасқарасу бұрылысы) көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс ашылады, — делінген хабарламада.
Тәулік бойы қосымша ақпарат алу үшін 1403 байланыс орталығына хабарласуға болады.
Осыған дейін Жамбыл облысында жол жабылып, екі мыңнан астам көлік жолда қалғаны туралы жаздық.