Алматы облысы ТЖД мәліметінше, жалын шарпыған жүк көлігі толықтай пиротехникалық заттармен тиелген. Оқиға орнына жоғары дәреже бойынша Алматы облысы ТЖД күштері мен құралдары дереу жіберілген.
— Жалын түнгі 02:00–де сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебін анықтау үшін іс Еңбекшіқазақ ауданының полиция басқармасына берілді, — деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментінен.
Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысында өртенген үйден бір әйел құтқарылып, 15 адам эвакуацияланғанын жазғанбыз.