Оқиға Абай ауылында болған.
Балалардың бірінің әкесі екі жеткіншек дүкен маңында балмұздақ жеп отырғанын айтады. Көлік балаларды қағып, тоқтамастан оқиға орнынан қашып кеткен.
Зардап шеккен балалар ауруханаға жеткізіліп, ота жасалды.
Алматы облысық полиция департаментінің мәліметінше, балаларды қағып кету дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
- Жол-көлік оқиғасынан кейін оқиға орнынан қашып кеткен 65 жастағы жүргізуші ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайын объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – делінген полиция хабарламасында.
Еске салсақ, Ақмола облысында «Газель» көлігі төрт жастағы қызды қағып кеткен еді.