Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 861 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) туралы ереженің 14-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 11 тамыздағы Алматы облысының Жамбыл ауданындағы атом электр станциясының үздік атауына жалпыхалықтық конкурсты өткізу туралы ұсынысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда Алматы облысының Жамбыл ауданындағы атом электр станциясының үздік атауына жалпыхалықтық конкурс өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Конкурстық комиссия) құрылсын.
Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Конкурстық комиссия туралы ереже бекітілсін.
Конкурстық комиссия:
1) 2025 жылғы 19 қыркүйекке дейінгі мерзімде Алматы облысы Жамбыл ауданындағы атом электр станциясының үздік атауына жалпыхалықтық конкурс (бұдан әрі – Конкурс) өткізу қағидаларын бекітсін;
2) 2025 жылғы 17 қазанға дейінгі мерзімде Конкурс өткізілсін және Алматы облысы Жамбыл ауданындағы атом электр станциясының үздік атауы айқындалсын.
4. Агенттіктің Жұртшылықпен байланыс басқармасы:
1) Конкурстық комиссияның құрамын осы бұйрықпен оған қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей таныстырсын;
2) Қазақстан Республикасы халқының арасында бұқаралық ақпарат құралдары және Агенттіктің ресми коммуникациялық арналарында тиісті ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Осыған дейіналғашқы АЭС-ке атау берілетіні туралы жазған едік.