Алматы облысындағы ауылда тұрғын үй өртке оранды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM - 12 қазан күні сағат 00-50-де Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Азат ауылында тұрғын үй өртеніп кетті.

Фото: ТЖМ

Шақыру орнына Алматы облысы ТЖД 10 қызметкері мен 3 бірлік техникасы дереу жіберілді.

«Бірінші өрт сөндіру бөлімшесі келген сәтте — сағат 01-08-де тұрғын үйдің шатырының жануы орын алғаны анықталды. Үй толығымен отқа оранған.

Қабылданған жедел шаралардың нәтидесінде өрт сағат 01-38 оқшауланып, 01-43-те 56 шаршы метр алаңда толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі нақтылануда», — деп жазды ТЖМ баспасөз қызметінен.

Өрттің себебін анықтау үшін Алматы облысы ТЖД зерттеу сынақ өрт зертханасы мен анықтау бөлімінің қызметкерлері оқиға орнында.