Құжатқа сәйкес, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының жалпы аумағы (шегі) 2529,64 гектарға тең. Бөлек және Рахат ауылдық округтерінің кейбір жерлерін қосып, жалпы көлемі 4228,54 гектар шекарасында өзгертілсін, – делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының шекарасы өзгеруі мүмкін екенін жазғанбыз.
Құжатқа сәйкес, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының жалпы аумағы (шегі) қазіргі уақытта 2529,64 гектар. Оның көлемін 4228,54 гектарға кеңейту жоспарда. Бұл қалаға Бәйтерек ауылын қосу арқылы жүзеге аспақ.
Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған аудан әкімдігі қаулысының жобасында жазылған еді.