Өрт Ұзынағаш ауылынан шығаберістегі қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында болған.
Полигонның жекелеген учаскелерінде қалдықтардың жинақталу тереңдігі 3–5 метрге дейін жетеді. Бұл жағдай өртті толық сөндіру жұмыстарын қиындатып отыр.
– Өрттің таралуына жол бермеу үшін бульдозерлердің көмегімен жанбаған қалдықтар жанып жатқан учаскелерден оқшауланып жатыр. Сонымен қатар өрт ошақтарына су құю жұмыстары жүргізілуде, – делінген хабарламада.
Су өрт орнына арнайы техникамен жеткізіліп жатыр. Тиегіштер мен самосвалдардың көмегімен қалдықтарды көшіру және оларды инертті материалдармен жабу жұмыстары да жүргізілуде.
Өртті сөндіруге Алматы облысының ТЖД, жергілікті атқарушы органдар және ҚР ТЖМ №28237 әскери бөлімінен 10 адам мен 7 техника жұмылдырылды.
Қазіргі уақытта өрт 300 шаршы метр аумақта оқшауланды. Толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Айта кетейік, Ақтөбедегі өрт кезінде 21 саяжай үйі өртенді.