Алматы облысындағы шатқалда ауырып қалған туристке құтқарушылар көмектесті

ҚОНАЕВ. KAZINFORM — ТЖМ баспасөз қызметі Алматы облысындағы шатқалда ауырып қалған туристке құтқарушылар көмектескенін мәлімдеді.

Фото: ТЖМ

«Талғар ауданындағы „Сол Талғар“ шатқалында туристік маршрутпен жүріп келе жатқан 6 Ресей Федерациясының азаматтарынан тұратын топтың басшысы — 1968 жылы туған әйел өзін жаман сезініп әрі қарай жол жүре алмаған.

ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы шақыру орнына келіп, «Қазавиақұтқару» тікұшағының көмегімен зардап шегушіні 1 сүйемелдеушімен таудан түсіріп, оны Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне тапсырды», — деп жазды ведомстводан.

Дерекке қарағанда, қалған қонақтар маршруттарын жалғастырды.