ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, Талғар ауданындағы "Сол Талғар" шатқалында 1980 жылы туған әйел күйеуімен бірге туристік маршрутпен жүріп келе жатып, аяғын сындырып алып, 3000 метр биіктіктен өздігінен түсе алмаған.
- ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы шақыру орнына келіп, "Қазавиақұтқару" тікұшағының көмегімен зардап шегушіні таудан түсіріп, оны жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырды, - деп хабарлайды ТЖМ.
Еске салайық, бұған дейін Алматы тауларында байкерлерге мылтық кезеп, қамшымен сабағандар ұсталғанын жазған едік.