Алматы облысындағы тауларда көшкін жүруі мүмкін

Фото: gov.kz

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Құтқарушылар облыс тұрғындарын қар көшкіні қаупі туралы ескерту жариялады.

– Алматы облысының тауларында 5-8 желтоқсан аралығында көшкін қаупі сақталады. ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкіні болуы мүмкін қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік талаптарын сақтауды сұрайды, – делінген ТЖД хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, облыс бойынша көшкін қаупі бар 55 учаске бар. Олар Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында – Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде орналасқан.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында қар көшкіні қаупіне байланысты бірнеше автожол көктемге дейін жабылғанын жазғанбыз.