Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы келді

ҚОНАЕВ.KAZINFORM — Алматы облысы әкімінің өкімімен Төлебек Болатұлы Күлекеев Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.

Фото: Алматы облысының әкімдігі

Төлебек Күлекеев 1993 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2015 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін «Экономика» мамандығы бойынша, ал 2025 жылы Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетін «Агрономия» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын «Самұрық-Қазына» корпоративтік университеті» жеке мекемесінде аутсорсинг секторының кеңесшісі, «Қорғау Инжиниринг» БК» ЖШС-да әкімшілік басқармасының экспедиторы, менеджері және техникалық басқармасының инженері, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС абоненттік секторының талап-арыз жұмысы тобының заңгері қызметтерінен бастаған.

Сондай-ақ Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасында бас маман, бөлім басшысы және басқарма басшысының орынбасары, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде активтерді басқару департаментінің менеджері, Ауыл шаруашылығы министрлігінің егіншілік департаменті агромелиорация басқармасының бас сарапшысы, қаржы құралдары және микрокредиттеу департаментінің микрокредит беру мониторингі басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

2026 жылғы сәуірден бастап «ALMA6» ЖШС директоры болып жұмыс істеген.

Еске салайық, Алматының жастар саясаты басқармасына жаңа басшы тағайындалған еді.