«Іле ауданы, Өтеген батыр ауылдық округі, Өтеген батыр ауылы, З.Батталханов көшесінде орналасқан бір ғимараттың астынан жерасты суы көтерілді. Салдарынан кәріз және су құбырлары бұзылды. Осыған байланысты жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын»,- делінген құжатта.
Осыған дейін Алматы облысының Талғар ауданында табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі енгізілген болатын.
Ол кезде қауіпсіздік мақсатында Іле-Алатау ұлттық табиғи паркінің аумағына баруға шектеу қойылды.
Осыған дейін Алматы облысындағы Бәйтерек ауылы қалаға қосылуы мүмкін екені туралы жаздық.