Алматы облысының полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды
ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен Мейрам Әбікеев облыстық полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды.
Ішкі істер министрі Ержан Саденов жедел кеңесте жеке құрамға Алматы облысы Полиция департаментінің жаңа басшысын таныстырды.
Полиция полковнигі Мейрам Әбікеев бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы ІІД бастығының орынбасары болған.
Еске салайық, Алматы облысының Полиция департаментін екі жыл Бауыржан Әленов басқарған болатын.
Ол осы жылдың 7 қазанында Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.
Бауыржан Аленов 1976 жылы 8 қарашада Ақмола облысында дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 1997 жылдың мамыр айынан бастап қызмет етеді.