Биыл өңір шаруалары 2 300 гектарға картоп егіп, әр гектардан 200–250 центнер өнім алды. Жоғары көрсеткішке интенсивті агротехнологиялар мен заманауи жаңбырлатып суару жүйелерін қолдану ықпал етті.
Серіктестік аясында кооперативке элиталық тұқымдар ұсынылып, жаңбырлатып суару жабдығын енгізуге қолдау көрсетілді. Пилоттық жоба 150 гектар аумақты қамтыды.
Бұл жерде мемлекеттік қолдаудың маңызы зор. Мәселен, жаңбырлатып суару жүйелеріне кеткен шығынның 80%-ы субсидияланған (шамамен 100 млн теңге).
Еске сала кетейік, Президент PepsiCo қоры директорлар кеңесінің төрағасы Стивен Кихоны қабылдаған болатын. Кездесуде PepsiCo компаниясының Қазақстандағы инвестициялық жобасын жүзеге асыру барысы қарастырылды.
Президенттің Нью-Йоркке сапары аясында маңызды кездесулер өтіп, саяси-экономикалық келісімдер жүзеге асты. АҚШ бизнес өкілдерімен логистика, жасанды интеллект, өнеркәсіп саласына қатысты құжаттарға қол қойылғанын да білеміз. Kazinform-ның аналитикалық шолушысы мұхиттың арғы жағында жасалған келісімдер ел келешегіне қалай әсер ететінін әрі Мемлекет басшысы ұсынған ауқымды идеяларды тарқатты.