Департаменттен атап өткендей, Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы компьютерлерді жоғары бағамен сатып алғысы келген. Оның жалпы құны 20 млн теңге.
«Бір данасы үшін 497 265 теңге бағасымен 32 компьютер, бір данасы үшін 514 880 теңге бағасымен 3 ноутбук және бір данасы үшін 598 214 теңге бағасымен 4 моноблок сатып алуға конкурс жариялаған. Мониторинг кезінде аталған тауарлардың бағасы 102,78%, 77,54% және 60%-ға жоғары болғаны анықталды»,- деп хабарлады департаменттен.
Антикордың араласуынан кейін жоғарыда аталған мемлекеттік сатып алулар тоқтатылды және конкурс қайтадан өткізілетін болды.