Алматы облысының таулы аймақтарында қар көшкіні қаупі бар

Фото: Фото: Алматы облысы ТЖД

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті қар көшкіні қаупі туралы ескерту жасады. 

ТЖД мәліметіне сәйкес, Алматы облысының тауларында 2-5 қаңтар аралығында көшкін қаупі сақталады. Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 көшкін қаупі бар учаске бар.

- Департамент азаматтардан, туристерден қар көшкіні болуы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шарасын сақтауды сұрайды. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады, - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Алматыдан 353 шақырым жерде жер сілкінгенін жазғанбыз.