Демеудің жанкүйерлері Қонаев қаласындағы орталық саябақ амфитеатрында орнатылған үлкен экраннан спортшымызға қолдау білдірді.
Грек-рим күресінен 77 келіде бақ сынаған қазақ балуаны Әзербайжан өкілі Санан Сулаймановпен белдесіп, жеңіске жетті.
Естеріңізге сала кетейік, Демеу Жадыраев ширек финалда екі дүркін әлем чемпионы, Токио ойындарының күміс жүлдегері қырғызстандық Ақжол Махмудовпен белдесіп, 3:1 есебімен басым түсті.
Осыған дейін ол эквадорлық Джейр Куеромен белдесіп, қарсыласын 8:0 есебімен таза жеңген болатын.