Алматы облысының жолдарында лазерлік жүйелер енгізілді

Фото: видеодан скрин

ҚОНАЕВ.KAZINFORM – Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының санын азайту үшін Алматы облысының республикалық маңызы бар автожолдарында жаңа техникалық шешімдер енгізілді.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қолданыстағы аркалық конструкцияларға лазерлік жүйелер орнатылды. Бүгінгі күні аталған технологиялар «Алматы – Өскемен» автожолының 52-шақырымында, сондай-ақ «Алматы – Шелек – Қорғас» автожолының 38 және 204-шақырымдарында жұмыс істеп тұр.

Лазерлік қондырғылар қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қосымша құралы болмақ. Әсіресе түнгі уақытта және қолайсыз ауа райы жағдайларында лазер сәулелері жүргізушілерге бағыт-бағдар береді.

Еске салайық, Алматының жаяу жүргіншілер өткелінде заманауи жарықтандыру енгізілді.