Фестиваль 14-15 қыркүйек күндері Алматының Арбат алаңында 10:00-18:00 аралығында өтеді. 2014 жылдан бері өткізіліп келе жатқан жоба аясында фестивальге 70-тен астам баспа мен кітап дүкендері қатысып, белгілі қазақстандық авторлар мен баспалардың қатысуымен 500-ге жуық кітап таныстырылған.
Биыл фестивальге «Келешек кітабы» тақырыбы қойылған. Мәдени іс-шараға келушілер үшін алаң бірнеше аймаққа бөлінеді: «Жазушылар шатыры», «Қазақ қаламгерлері», «ZHAS ALASH» шатыры, «Kitap FEST WOMEN» шатыры және кітап жәрмеңкесі, иллюстраторлар көрмесі, «оқырман ұлттың ұрпағымыз» көрмесі, елшіліктер көрмесі, сондай-ақ «кітап алмасу» аймағы. Фестиваль аясында қала тұрғындары мен қонақтары арасында 1 миллион теңгеге 100-ден астам кітап сертификаттары ойнатылады.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда өткен жылы 4 мыңнан астам жаңа кітап басылғанын жазған едік.