Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, Сейфуллин даңғылы, 518 мекенжайында орналасқан шағын маркет толықтай бұзылды. Ведомство өкілдері бұған дейін рұқсат құжаттарының жоқтығына байланысты тиісті шаралар қабылданып, іс сотқа жолданғанын атап өтті.
- Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соттың шешімімен меншік иесі кінәлі деп танылып, нысанды мәжбүрлі түрде бұзу туралы қаулы шығарылды. 2026 жылы 9 сәуірде Алматы қалалық соты бірінші сатыдағы шешімді өзгеріссіз қалдырды, - деп хабарлады қала құрылысын бақылау басқармасы
Бүгін сот шешімін орындау мақсатында меншік иесі нысанды өз еркімен бұзған.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда жазғы дәмхана бұзылды.