Алматы орталығындағы дәмхананың жазғы алаңы бұзылды

Фото: Фото: Алматы әкімдігі

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда Абай даңғылы 34 мекенжайында орналасқан дәмхананың заңсыз салынған жазғы тамақтану алаңы сүрілді.

Алматының қала құрылысы басқармасы меншік иесіне қатысты әкімшілік шара қабылдап, материалдарды сотқа жолдаған.

Фото: Алматы әкімдігі

«Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың қаулысымен меншік иесі заңсыз тұрғызылған құрылысты мәжбүрлі түрде бұзды және ҚР ӘҚБтК 319-бабы бойынша кінәлі деп танылды. Бұзу жұмыстарын жеке кәсіпкер бір күн бұрын ерікті түрде жүргізді»,- деп хабарлады басқармадан.

Осыған дейін Алматыда 1350 шаршы метрден астам салынып жатқан ғимараттың бұзылғаны туралы жазған едік

Жалпы, қалады былтырдан бері 48 заңсыз нысан толығымен және жартылай бұзылды. Оның ішінде бизнес орталық, мейрамхана, қосалқы құрылыс пен автосервис, сондай-ақ Мечта және KHAN сияқты ірі тұрғын үй кешендері бар.