Алматы орталығындағы көшелердің бірі төрт күнге жабылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда Манас көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Фото: Алматы әкімдігі

Атап айтқанда, 31 шілде сағат 19:00-ден 4 тамыз сағат 08:00-ге дейін Манас көшесінің Абай даңғылынан Тимирязев көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толықтай жабылады.

Жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген ақпараттық тақталар орнатылады.

Фото: Алматы әкімдігі

— Осыған байланысты жол жүру бағытыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз, — деп хабарлады әкімдіктен.

Еске салайық, Алматы облысындағы республикалық маңызы бар «Алматы — Төңкеріс — Байсерке — Междуреченск» автомобиль жолының 19 300 шақырымындағы көпірде жөндеу жұмыстарының жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты биыл 30 шілдеден 25 тамызға дейін аталған учаскеде автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.