Алматы қаласының спорттық нысандары дирекциясының мәліметінше, Орталық стадионының батыс секторындағы алты қатар қардан уақытылы тазаланбаған. Соның кесірінен «Астана» мен «Челси» ойынына келген жанкүйерлерге қолайсыздықтар туындаған.
- «Орталық стадион» нысанының басқарушысы Бауыржан Жұмажанов қызметінен шеттетілді. Жанкүйерлердің жайлылығы біз үшін аса маңызды, әсіресе, осындай маңызды ойындарда. Болашақта мұндай жағдайлардың қайталанбауы үшін бар күшімізді саламыз, - деп хабарлады Алматы қаласының спорттық нысандары дирекциясынан.
Еске салайық, бүгін Орталық стадионда «Астана» мен «Челси» арасындағы ойын өтті.