«ҚазАвтоЖол» АҚ ҰК ОФ директорының орынбасары Жасұлан Қалтаев қазіргі кезде көлік қатынасы жақсарып, барыс-келіс жеңілдегенін айтады.
– Биыл бірінші тоқсанға келетін болсақ, 21 жол апаты болған. Өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырсақ, 25 пайызға төмендеді. Жолшылар тарапынан қауіпсіздікке бағытталған іс-шаралар бойынша жол белгілерін орнату, жолды таңбалау бойынша катафоттарды ауыстыру, тосқауыл қоршауларды ретке келтіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, - дейді Жасұлан Қалтаев.
Былтыр Жетісу облысындағы «Алтынемел» асуы жөнделді. Биыл «Жаркент-Қорғас» жолының 32 шақырымын қалпына келтіру жоспарланып отыр.
– Қазір жол жақсы, тегіс. Мына тұрақтары бар. Екі-үш сағатта жетіп аламыз. Күрежолдың қалған 100 шақырымына асфальттің үшінші қабаты төселе бастады. Сонымен қатар шеткі қоршауы, жарықшамдары мен жол белгілері орнатылып жатыр, - дейді Өзбекстан азаматы Рустамжан Есжанов.