«Алматы-Өскемен» автожолында көлік қозғалысы ашылды

АЛМАТЫ.KAZINFORM – ҚазАвтоЖол көлік қозғалысына қатысты мәлімет жариялады.

Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

- 2025 жылғы 1 қантарда сағат 02:30-да автомобиль жолында көлік қозғалысы ашылды. Алматы облысы: «Алматы-Өскемен» км. 25-67 (Ақы алу пункты - Конаев қаласына дейін.) - делінген хабарламада.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Қонаев қаласының жанынан өтетін «Алматы-Өскемен» автожолында «Бұрылуға арналған орын» жол белгілері алынып, ол жерлерге бетон қоршаулар қою туралы шешім қабылданғанын жазған болатынбыз.