Жоба шеңберінде қолданыстағы жол жамылғысы жер төсеміне дейін бұзылып, оның орнына жаңа жол конструкциясы салынатын болады.
Күрделі жөндеу жұмыстары барысында:
— жол жабынын толық жаңарту;
— су өткізгіш құбырларын қалпына келтіру;
— қосымша мал өткелдерін салу;
— суды қабылдау лотоктарын орнату;
— таулы беткейлерді тегістеу және нығайту жұмыстары қарастырылған.
— Құрылыс кезеңінде жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кейбір бөліктерде реверсивті қозғалыс енгізіледі. Бұл ретте көлік құралдарының қозғалысы уақытша жол белгілері, жол таңбалары мен сигналды реттеушілері арқылы реттелетін болады, — деп хабарлады компаниядан.
Жүргізушілерден белгіленген жылдамдық режимін сақтап, жол белгілерінің талаптарын қатаң орындауын сұрады.
Аталған жобаны іске асыру нәтижесінде жол қозғалысының қауіпсіздігі артып, өңірдің көлік инфрақұрылымы жақсарып, жол пайдаланушылар үшін қолайлы және қауіпсіз қозғалыс жағдайлары қамтамасыз етіледі.
Еске сала кетейік, бұған дейін 2028 жылға дейін 10 мың шақырым жол жөнделетінін жазған едік.