Алматы – Өскемен тасжолында 35 тонна күнбағыс дәні тиелген жүк көлігі аударылып қалды

Фото: Видеодан алынған скрин

АСТАНА. KAZINFORM — Жетісу облысында полицейлер аударылған ауыр жүк көлігінің жүргізушісіне көмектесті. 

Алматы – Өскемен тасжолында 35 тонна күнбағыс дәні тиелген тіркемелі жүк көлігі аударылып қалды. Оқиға орнына шұғыл жеткен полицейлер аударылған фураны қалпына келтіріп, өнімді жинауға жәрдемдесті.

Жүргізушінің өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төнген жоқ. Ол көрсеткен көмегі үшін тәртіп сақшыларына алғыс айтты.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерге рөлде аса мұқият болып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. 

Айта кетелік Ұлытау облысында полиция адасып кеткен екі азаматты аман-есен тапты