Қалалық полиция департаменті мұндай көлік иелеріне мемлекеттік тіркеуден уақытылы өтудің маңызын еске салады. Бұл көлік құралын заңды түрде пайдалануға және меншік иесінің құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді.
- Егер екі дөңгелекті электр көлік мемлекеттік тіркеуге міндетті болса, құжат рәсімдеуді кейінге қалдырмауға кеңес береміз. Қазіргі таңда тіркеу рәсімі жеңілдетілген, көп уақыт алмайды. Мемлекеттік тіркеу – заң талаптарын орындау ғана емес, көлік құралын заңды пайдаланудың, меншік құқығын қорғаудың және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды кепілі, – деді Алматы қаласы Әкімшілік полиция басқармасының Процессинг орталығының бастығы Нұрсұлтан Ақмырзаев.
Полиция департаменті мемлекеттік тіркеуге қатысты кеңес алып, қажетті құжаттарды мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында рәсімдеуге болатынын еске салды.
Бұған дейін Атырауда 1033 мопед мемлекеттік тіркеуден өткенін жазғанбыз.