Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, концерт билеттері тек ресми сервистер арқылы сатылады. Төлемнен кейін сатып алушы ваучер алады, ол 13 тамызда автоматты түрде бірегей QR-коды бар электронды билетке ауыстырылады.
- 13 тамызға дейін QR-коды бар дайын билет ешкімде болмайды. Сондықтан қолдан, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы «дайын билет» сату туралы ұсыныстар алаяқтық болуы мүмкін. Бейтаныс адамдарға ақша аудармаңыз және ақпаратты тек ұйымдастырушылардың ресми арналары арқылы тексеріңіз, - деп ескертті департаменттен.
Еске салайық, 14 тамыз күні сағат 21:00-де Алматының Орталық стадионында Канье Уэст концерт өткізеді.
Бұған дейін Алматыда Канье концертіне жалған билет сатқан азамат анықталды.