Алматыда белгісіз ер адам көпқабатты үйдің терезесінен оқ атты, деп хабарлайды Кazinform.
Тапаншаны оқтап, далаға қарай оқ атқан ер адамның видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша жергілікті полиция қызметі тексеру жүргізіп жатыр.
«Оқиғаға қатысы бар адам міндетті түрде анықталып, Қазақстан заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады», - деп атап өтті қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.